Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Барох Питердің ісіне қатысты дау жалғасуда

AstanaTV
26.02.2014ж. 10:00
1401
Барох Питердің ісіне қатысты дау жалғасуда

Өрімдей қыздарды азғырған британдық Барох Питердің үстінен, тағы 7 ата-ана арыз жазған. Олар - Атырау қаласының тұрғындары. Жүргізілген сараптама 16-17 жастағы қыздардың жалаңаш түскен суреттерінің эротикалық-порнографиялық сипатта екендігін анықтады.

Осылайша, полиция кәмелетке толмағандарды азғындыққа бірнеше рет итермелегені үшін Барох Питердің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғады. Шетелдік азамат бұл суреттерді өзі үшін түсіргенін айтып ақталған. Бірақ, оның бұл фотосуреттерді белгісіз адамдарға таратқаны анықталды. Барох Питер бұл кәсіппен Атырауда, кейін Орал қаласында айналысқан. Құзырлы органның дерегінше, Барох Питер үйленген, тіпті баласы да бар. Қазір британдық екі айға қамауға алынды.

Мағауия Құрмашев, Батыс Қазақстан облысы ІІД басқарма басшысының орынбасары:

Біздің анықтағанымыз, 600 фотоның барлығы 600 кісі емес қой, түсініп тұрсыз ғой. Біздің анықтағанымыз, қазір Орал облысының 5 тұрғыны, 7-і Атырау облысының тұрғыны. Ар жағында 12 адам қыз баланы есептеп шығарып отырық, Атыраудағы, Оралдағы қыз балалардың жауаптарын алып, жаңағыдай тергеу әрекеттерін жүргізіп, шешім қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатырық.

Еркін ҚАРИН