Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстанда шенеуніктер қазақ тілінен диктант жазды

AstanaTV
25.02.2014ж. 20:00
1757
Шығыс Қазақстанда шенеуніктер қазақ тілінен диктант жазды

«Қазақ тілі - біздің асыл қазынамыз». Осындай атаумен Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің сынағы өтті.

Бұл шараға үш мыңдай азамат қатысты. Шенеуніктердің біліктілігін тексеру мақсатында өткен сынақта ақ жағалылар алдымен диктант жазды. Мемлекеттік тілді білуі жөнінде арнайы сынақ тапсырды. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ырымдары жайлы ауызша сұрақтарға жауап берді.

Абырой болғанда, сынақтан сүрінген ешкім жоқ. Емтиханға тек қатардағы қызметкерлер қатысты. Қала басшылығы мен жоғарғы лауазымдағы азаматтар төбе көрсетпеді.

Елена Набиева:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша үш мыңдай адам қатысып отыр. «Әдемі сөйле, сауатты жаз» акция өтіп жатыр.