Өскеменде
ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «IТ технологиялар» фестивалі өтті. Шарада
мектеп оқушылары ерекше жобаларымен келушілерді таң қалдырды. Робототехника,
механикалық, аэроғарыштық және кеме жасау инжинериясы бойынша кейбір жұмыстар
тіпті ғалымдардың да қызығушылығын тудырған.
Жас
өрендердің әрқайсысының көпшілікке көрсетер инновациялық жобасы бар. Никита
Чукреев - биыл мектеп бітіреді. Екі жыл ішінде ол электр қуатын кез-келген
салада қолданудың тәсілдерін ойлап тапқан. Қызығы сол, құрылғы ешбір сымсыз
жұмыс істейді.
Никита
Чукреев, фестиваль қатысушысы:
Екі
орауыш болса жеткілікті. Бірі таратушы құрылғының, екіншісі электр
қабылдаушының қасында тұруы керек.
Технологияны жетілдірсе,қуатты тасымалдауға қауқары жетеді.
Жасөспірім
ойлап тапқан құрал шынымен жарамды екеніне біз де көз жеткіздік. Кәдімгі электр
шамы орауышқа жақындай бере жұмыс істей бастайды. Никитаның жобасы бірнеше
халықаралық байқауларда озық деп танылған. Энергетик ғалымдар да жұмысқа жоғары
баға берді. Тек жас ғалым өзінің
ноу-хауы елімізде аса сұранысқа ие болмай отырғанына қынжылады.
Никита
Чукреев, фестиваль қатысушысы:
Технологияның
дамуына ешкім ақша салғысы келмейді. Демеушісіз қазір алға басу мүмкін емес.
Ал,
Диас Рақышев пен досы Мәди өздері ойлап тапқан сабынды көрсетті. Жуғыш заттың
құрамы тек су мен майдан және сексеуілден тұрады. Оқушылардың айтуынша,олар
ата-бабаларымыздың тәжірибесін жаңғыртқан. Нәтижесі жаман емес.
Мәди Абызов, фестиваль қатысушысы:
Сексеуілдің күлі яғни сақары оған күнбағыс
майын, су табиғи майларды қосу арқылы біз кәдімгі сабынды алуымызға болады.
Ерте қазақтар бұрын қооданған болатын. Және сексеуілдің екінші пайдасы бұл
құмды, яғни деффиляцияны бір орында сақтап тұрады.
Фестивальде
бас-аяғы 100 шақты жоба таныстырылды. Арасында болашақта таптырмас құрал болуы
мүмкін «ақылды тақта» да бар. Онда қаламмен де қолмен де жазуға болады.
Интернет желісі арқылы үй жұмысын жіберіп, оқушылармен онлайн жүйесінде
байланысқа шығуға мүмкіндік бар. Жұмыстар алдағы уақытта облыстық білім беру
басқармасының ресми сайтында жарияланады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА