$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Обама Қырым референдумын қолдамайды

AstanaTV
13.03.2014ж. 13:00
1297
Обама Қырым референдумын қолдамайды

Егер Украинаға қатысты әрекетін тоқтатпаса, Вашингтон Мәскеумен қарым-қатынасты үзеді. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама Украина премьері Арсений Яценюкпен кездесуде мәлімдеді.

Обаманың айтуынша, оның пікірін өзге елдер де қолдайды. Сондай-ақ, АҚШ жетекшісі Украинаға барлық жағынан қолдау көрсетеміз деп сендірді. Дегенмен Обама ресми Мәскеумен сұхбаттасып, шиеленісті келіссөзбен реттеуге үмітті.

Өз кезегінде, Яценюк жағдайдың дипломатиялық жолмен шешілгенін қалайтынын айта келе, «ешқашан берілмейміз» деді.

Ал, Қырым мәртебесі туралы 18 наурызда өтетін референуды екі ел басшысы да заңсыз деп есептейді. Яценюктің сапары барысында Ақ үйдің маңында екі бердей шеру өтті. Бірі қолдау көрсетсе, екіншісіне қатысқандар «Украинадағы әсіре ұлштыл төңкеріске жол жоқ», - деп шуласты.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА