Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бразилияда Олимпиада нысандарының құрылысы тоқтады

AstanaTV
08.04.2014ж. 13:00
992
Бразилияда Олимпиада нысандарының құрылысы тоқтады

Рио-де-Жанейроның Олимпиада нысандарында жұмысшылар ереуілі жалғасып жатыр. Екі мыңға жуық құрылысшы айлық көлемін арттыру үшін, әрі еңбек жағдайын жақсарту талабымен наразылық шеруіне шықты.

Оқыс жағдайға орай, Олимпиада саябағының құрылысы тоқтап қалды. Бұл алаңда 2016- жылы жазғы Олимпиаданың бірнеше сайысы өтуі тиіс. Кешен құрылысына жауапты Rio Mais бірлестігінің ресми өкілі бұл ереуілге байланысты мәлімдемесін жариялады. Оның айтуынша, құрылыстың жалғасу мерзімінен компания бейхабар. Дегенмен, ресми өкіл бұл ереуілдің кешен құрылысын аяқтауға еш әсер етпейтінін айтты.

Айта кетейік, 2016-жылға жоспарланған Олимпиадаға арналған бірнеше ғимараттың құрылысы тоқтап тұр. Мәселен, гольф ойынына арналған Олимпиада алаңын салу кідірген, ал қаланың солтүстігінде орналасқан кешен құрылысы әлі басталған да жоқ.

Сымбат МОЛДАТАЙ