$498.34 €519.72 ₽4.85
×

15 бас жылқыны Қазақстанға өткізбекші болған топ ұсталды

AstanaTV
26.02.2014ж. 13:00
1108
15 бас жылқыны Қазақстанға өткізбекші болған топ ұсталды

Қордай шекара отрядына қарасты «Сортөбе» заставасының жасағы, қазақ-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз өткізілген жылқыны тапты.

Дәлірек айтсақ, әскери кезекшілік кезінде қазақстандық сарбаздар шекарадағы инженерлік қоршаудың бұзылғандығын, сол арқылы бірнеше жылқының көрші елден Қазақстанға өткен іздерін анықтаған.

Шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде 15 бас жылқы Қаракемер ауылындағы мал соятын орында табылады. Істің ақ-қарасын анықтау үшін Шекара қызметі орталық аппаратының өкілдері ауыл әкімдігіндегі мал есебін жүргізетін кітапты тексерген. Алайда онда 2013-2014 жылдары тіпті ешқандай мал тіркелмеген болып шықты. Тексеру барысында ветеринария өкілі жалған анықтама бергендігі, сондай-ақ тіркеу жұмыстары мал иелерінің құжаттарынсыз жүргізілгендігі анықталды.

Қазіргі таңда жылқыларды «Қаракемер» комендатурасына әкетуге шешім қабылданды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Жұрағат БАМАН