$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Маңғыстауда жанармай тасымалдаушы жүк көлігі мен тепловоздың соғысуына қатысты іс қаралып жатыр

AstanaTV
26.02.2014ж. 20:00
1094
Маңғыстауда жанармай тасымалдаушы жүк көлігі мен тепловоздың соғысуына қатысты іс қаралып жатыр

Маңғыстау өңірінде аты шулы сот процесі басталды. Мұнайлы аудандық соты жанармай тасымалдаушы жүк көлігі мен тепловоздың соғысуына қатысты істі қарап жатыр.

Қайғылы оқиға желтоқсан айында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі мұнай толтырылған тепловозды қиылыстан өткізбей, апат болды. Соққының қаттылығы сонша, 20 цистерна мұнай аударылып, 17-сі өртеніп кетті. Машинист ауыр дәрежеде күйік алып, оның көмекшісі мерт болды. Жүргізуші Биқожа Сүндетов тергеу изоляторына қамалды. Алайда кепілқұнмен босатылған.

Сүндетовке жол ережесін сақтамау салдарынан абайсызда адам өліміне себепкер болды деген айып тағылды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, қайтыс болған жиырма төрт жастағы машинистің көмекшісінің туыстары жауапкерге наразылығы жоқ екенін жазды. Сүндетов жәбірленуші тарапқа материалдық шығынды толықтай өтеген.


Жамбыл Баятар, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының орынбасары:


Сүндетовтың кінәсі қазір қылмыстық іс материалдары бойынша анықталуда. Ол экспертиза, куәгерлердің және жауапкердің жеке түсініктемелері негізінде тексерілуде.


Жұрағат БАМАН