Қазақстанда жаңа әуе компаниясы құрылады. Канадалық машина
жасайтын «Бомбардьер» компаниясының президентімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев
"Эйр Қазақстан" атты отандық әуе желісін құруды жоспарлап отырғанын
айтты.
Жаңа компания алғашында ішкі рейстермен қамтамасыз ету жолында
жұмыс атқаратын болады. Ал әуе желісін құруда "Эйр Астананың" басқару
тәжірибесін қолдану жоспарда бар. Сонымен қатар Президент «Бомбардьер» басшысы
Пьер Бодуэнге әуе саласынан бөлек, көлік секторының да Қазақстан үшін маңызды екенін
айтты. Тығыз ынтымақтастық мақсатында компанияның елімізден өз өкілдігін ашуын
ұсынды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз «Бомбардьер» тәрізді белгілі компанияның
Қазақстан нарығына келуіне мүдделіміз. Осыған байланысты тағы бір отандық «Эйр
Қазақстан» әуе компаниясын құруды жоспарлап отырмыз, ол бастапқы кезеңде ішкі
рейстерді атқаратын болады. Авиация саласындағы ынтымақтастықпен қатар біз үшін
көлік саласының өзге секторларындағы жобалар да қызықты. Бұдан бөлек отандық
ұшқыштар және еліміздегі техникалық қызмет көрсету орталықтарына мамандар
даярлау саласындағы ынтымақтастық аса маңызды.
Әлия ӘШІМ