$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жұмысшының жалақысын кешіктіргендер енді қатаң жазаға тартылады

AstanaTV
26.02.2014ж. 20:00
931
Жұмысшының  жалақысын кешіктіргендер енді қатаң жазаға тартылады

Жеті мыңдай отандасымыз жалақысына жете алмай сергелдеңге түсіп жүр. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Айтуынша, жетпіс бес мекеме өз жұмысшыларына 828 миллион теңге берешек. Қарызы қордаланып қалған ірі компаниялар Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарында. Мәжілісте Әкімшілік заң бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізіліп жатыр. Оған сәйкес жұмысшының табан ақы, маңдай терімен келген айлығын кешіктіргендер енді қатаң жазаға тартылады. Сондай-ақ, заттай есептесуге де тиым салынбақ. Жалақы тек ақшалай төленуі тиіс.


Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:


Егер жұмыс берушілер өз уақытында төлемесе немесе бірдей еңбекке бірдей айлық төлемесе, тағы осындай қылмыстар жасайтын болса, айыппұл екі есеге ұлғаяды. Алты айға шейін жұмысын тоқтату, немесе басшыларын арестке алу қаралып жатыр.


Сондай ақ, заттай есептесуге де тиым салынбақ. Жалақы тек ақшалай төленуі тиіс.


Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Ақ жол" фракциясының мүшесі:


Есіңізде болар, 2012 жылы Қостанайда диқандарға айлық гигиеналық бұйымдармен, Оңтүстік Қазақстанда мұғалімдерге көкөніспен төленді. Мұндайларға қандай шара қолданылады?


Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:


Еңбек кодексінде бізде еңбекақы тек қана ұлттық валютада беріледі делінген. Ешқандай купон расписка деген болмайды.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ