«Қазақалтын» шахтасында кезекті
жарылыс. Салдарынан бір кенші қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық
прокуратурасы хабарлайды. Оқиға «Қазақалтын тау-кен концерні» ационерлік қоғамына қарасты Ақсу шахтасында болған.
Жойқын жарылыс 32 жастағы шахта
үңгушісінің өмірін жалмады. Қазір оқиға орнына Степногор қаласы бас
прокурорының орынбасары мен Ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы
жөнелтілді. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, апатқа қатысты қылмыстық
кодекстің 152 бабы 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге
салайық, бұдан бұрын да "Қазақалтын" шахталарында 4 рет жарылыс
болып, 3 кенші қаза тапқан.
Әлия ӘШІМ