Халықтық IPO қайта жанданатын
болды. Акцияларын "Кегок" пен "Самұрық энерго" сатылымға шығармақ. Бұл жайында Премьер-министр Серік Ахметов «Самұрық - Қазына» ұлттық әл ауқат қорының
кеңейтілген кеңесінде мәлімдеді. "ҚазМұнайГаздың" да акциялары жаппай сатылымға
шығарылмақ. Премьер-министр бұған дейін нарыққа шыққан "Қазтрансойл" компаниясы
акцияларының жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті.
Серік Ахметов, ҚР
Премьер-министрі:
Казтрансойл акцияларына деген сұраныс екі
есеге өсті. Бүгінде 34 мың заңды және жеке тұлға компанияның акционері атанды.
Халық оның акцияларын іздеп жүріп сатып алып жатыр. Алғашында 780 теңгеге сатып
алса бір акцияны. Қазір оның құны 1250 теңгеге жетті.
Самұрық қазына бейінді емес
активтері мен нысандарын өз құзырынан шығару жұмыстарын жалғастырмақ. Алдағы
екі жылда 75 актив пен нысанды шағармақ жоспары бар. Осы арқылы Ұлттық қор алты
млрд теңгегеге жуық шығыннан арылады.
Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына»
Ұлттық әл ауқат қоры ақ басқарушы директоры:
Қор меншігінде бейінді емес
активтер баршылық. Тіпті Думан қонақ үйі де бар. Біз қазір олардың қалай
компания иелігінде қалғанын анықтап жатқан жоқпыз. Бізге оларды өз құзырымыздан
шығару керек. Бізде балабақша мен мектептер де бар. Ондай нысандарды жергілікті
атқарушы органдарға береміз. Сатпаймыз. Жай беретін шығармыз.
Қор үстіміздегі жылдың алғашқы
тоқсанына дейін жеке секторға шығарылатын компаниялар тізімін үкіметке ұсынбақ.
Қазірдің өзінде 80 астам компанияның тізімі жасақталған. Ұлттық қордың ауқымды
жұмыстарын атай келе, Серік Ахметов "Балхаш жылу электр стансасының" құрылысын
сынға алды. Және биыл көктемде құрылыс жұмыстарын бастауға нақты тапсырма
берді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ