Петропавлда алаяқтыққа жол берген адвокат темір торға
тоғытылды. Бүгін Асқар Жанабаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Еске сала кетейік, ол «қылмыстық істі
тоқтатамын» деп уәде беріп, өз қорғалушысынан 25 мың АҚШ долларын талап еткен.
Сот залында таратылған ақпаратқа сенсек, адвокат бұған
дейін де өз қамқорлығындағы адамнан ертеректе дәл осы жолмен 5 мың АҚШ долларын
сыпырып алып, қалтасына басыпты. Адам тағдырынан бұрын, құлқынның қамын
ойлаған заң қызметкері өткен жылы наурыз айында құрықталған. Істі қараған қалалық қылмыстық соттың судьясы, айыпталушы
Асқар Жанабаевты 10 жылға бас бостағынан айырылу туралы үкім оқыды. Бұдан бөлек, адвокат жапа шеккен бұрыңғы қорғалушысына 750 мың теңге көлемінде өтемақы
төлеуі тиіс.
Бауыржан Баймұрзин, СҚО қылмыстық істер
бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
Асқар Жанабаев, ҚР
Қылмыстық кодексіне
сәйкес алаяқтық, яғни қорғауындағы адамның сенімін пайдаланып біреуді алдағаны
үшін, лауазымды тұлғаға үшінші тұлға арқылы пара беруге итермелегені үшін
кінәлі болып есептелінеді. Азамат жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді. Оның
бүкіл мүлкі тәркіленсін.
Абзал ҚҰРМАНКИН