Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ Карзайды тәлібтермен бетпе-бет қалдырамыз деп сес көрсетті

AstanaTV
27.02.2014ж. 10:00
1014
АҚШ Карзайды тәлібтермен бетпе-бет қалдырамыз деп сес көрсетті

Хамид Карзайға екі жақты қауіпсіздік келісіміне қол қоймаса, оларды тәлібтермен бетпе-бет қалдырамыз, - деп сес көрсетті АҚШ президенті Барак Обама. Бұл туралы Блумберг агенттігі хабарлады.

Обама телефон арқылы тілдесуінде бүгінде Пентагон толықтай Ауғаныстаннан әскерилерін шығару жоспарын жасап жатқандығын айтқан. Бұл 2014 жылдан кейін елдегі қауіпсіздікке жергілікті құқық қорғау органдары жауап береді деген сөз.

Еске салайық, Хамид Карзай бірнеше ай бойы екі жақты келісімге қол қоюдан бас тартып келеді. Бұл келісімнен кейін Ауған елінде АҚШ-тың қанша әскери күштері қалады және қандай міндеттер атқаратындығы айқындалуы тиіс болатын. Америкалықтардың жоспары бойынша олар ауғандық әскерилерді жаттықтырып, «Талибан» тобына қарсы контртеррористік операциялармен айналысулары тиіс еді.

Жұрағат БАМАН

Алдыңғы жаңалық