Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде бір топ оқушы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып қайтты

AstanaTV
27.02.2014ж. 10:00
1507
Ақтөбеде бір топ оқушы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып қайтты

Ақтөбелік бір топ оқушылар ата-ана қарауынсыз қалған балалардың жағдайымен танысты. Балалар облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып қайтты. Олар орталықтағы тәрбиеленушілердің тұрмысымен танысты. Бүлдіршіндердің тәртібін бақылаушы полицейлер ұйымдастырған экскурсия тәрбиеге бағытталған көрінеді. «Бүлдіршін, заң және қауіпсіздік» шарасы аясында өткізілген тексеру барысында мұндай мекемеге не үшін жеткізілетіндігі түсіндірілді.

Аталған орталықта қазір бес бала бар. Олар түрлі себептерге байланысты ата-анасынан айырылған. Уақытша орналасқанымен, олардың білім алуына, тиісті медициналық және басқа да көмек түрлеріне жағдай жасалған.

Әсима Ілиясова, Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы:

Үкімет тарапынан қандай да болмасын жағдай жасалғанымен, әр бала өзінің отбасына қайтқанын, ата-аналардың қамқорлығымен, солармен бірге болғандығын қалайды. Сондықтан да, осындай балаларға өмірдің қиын жағдайына тап болмауын тілейміз.