$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда сотталушылардың бірінің халінің мүшкілдігіне байланысты сот отырысы өткізілмеді

AstanaTV
27.02.2014ж. 13:00
1281
Атырауда сотталушылардың бірінің халінің мүшкілдігіне байланысты сот отырысы өткізілмеді

Атыраудағы «Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына» қатысты сот процесі дүйсенбіге шегерілді. Оған аштық жариялаған айыпталушының денсаулығы себеп болыпты. Аштық жариялағанына бір айға жуықтаған «Ақтөбе хаусконтракшн» және «BNB Construсtion» компанияларының бұрыңғы бас есепшісі Гүлмира Әзбергенова орнынан тұра алмай қалған.

Еске салсақ, айыпталушы бұлтартпау шарасын тергеу абақтысынан үй қамаққа ауыстыруды талап етіп, бірнеше рет судьяға өтініш түсірген болатын. Алайда судья өтінішті қанағаттандырған жоқ. Нәтижесінде айыпталушы қарсылығын аштық жариялау арқылы жалғастырды.

Айта кетейік, кәсіпкер - осы іс бойынша тергеу изоляторында отырған 11 адамның ішіндегі жалғыз әйел. Адвокаты болса, қорғаушысының соңғы кездегі денсаулығының күрт нашарлағанын айтты.

Райхан
Әйтенова, Г.Әзбергенованың адвокаты:

Денсаулығы өте нашарлап кеткен. Соңғы мезгілде сот процесінен қалмау үшін су ішіп жүрді. Ол кісінің аштық жариялағанына бүгін 28-ші күн. Өткенде сұрағанда скорый шақырған, бүгін де шақырған. Бүгін оны шық деп зорлаған, шыға алмаймын деп, менсіз қарай беруіңізді сұраймын деп арыз жазып берген. Қайта-қайта сотқа беріп жатырмыз өтінішті, үйге қамауға шығарыңыз деп. Әлі күнге дейін біздің өтінішіміз қанағаттандырылмай отыр.