Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ресей Украина шекарасына жақын әскери оқу жаттығуын бастап кетті

AstanaTV
27.02.2014ж. 13:00
1134
Ресей Украина шекарасына жақын әскери оқу жаттығуын бастап кетті

Ресейде бұрын-соңды болмаған, ауқымды әскери жаттығулар өтуде. Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен, елде жоспардан тыс әскери оқу-жаттығу жұмыстары басталды. Олардың кейбірі Украинаға жақын жатқан жерде жүргізілуде деп «Уолл Стрит Джорнал» жазды.

Бұған дейін Ресей ірі көлемде әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу сылтауымен әскери іс-қимылға талай рет барған. Мәселен, 2008-жылы осындай әрекеті Грузиямен арадағы әскери қақтығыспен аяқталды. Басылым «Ресей Украинаның орыс тілді аймақтарына, мәселен өзіне тиесілі Қара теңіз флоты орналасқан Қырымға қауіп төндіруі әбден мүмкін» деп жазыпты.

Ал бұған жауап берген Мәскеу сарапшысы Руслан Пухов, Ресейдің бұл әрекетін қауіптің алдын алу шарасы деп түсіндірді. Яғни, оның ойынша, мемлекет «соңғы 20 жылдағы тәжірибесіне сүйеніп, тіпті, әскери қақтығысқа да дайын болуы тиіс» деген.

Сергей
Шойгу, РФ Қорғаныс министрі:

Тексеріс барысында қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындай, қару жарақты сақтау міндетті. Мемлекеттік, муниципалдық және жеке меншікке залал тигізбек қажет. Қоршаған ортаға да қауіп төнбеуі тиіс.

Сымбат МОЛДАТАЙ