$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ақтөбеде адамды соққыға жыққан 6 бұзақыға қатысты сот шешім шығарды

AstanaTV
28.02.2014ж. 10:00
1011
Ақтөбеде адамды соққыға жыққан 6 бұзақыға қатысты сот шешім шығарды

Ақтөбеде орталық базар маңында адамды соққыға жыққан 6 бұзақыға қатысты сот шешім шығарды.

Өткен жылы қараша айында, сауда жасауға келген адамды ұрып, учаскелік полицейлерге бағынбаған 70 адам қамауға алынған болатын. Оқиға орнына арнайы жасақ жедел жеткен еді. Тәртіпсіздікті тексере келе, 24-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып 15 тәулікке қамалған. Тағы 6-ына «бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қалалық соттың судьясы Роза Күзенбаева соттың шешімімен таныстырды. 3-уінің жүріп-тұруына 2 жылға дейін шектеу қойылса, қалғаны 2 жылға жалпы тәртіптегі түзеу абақтасына қамалатын болды.

Елдар Әбиев, Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі:

Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ. Қолымызға үкімді алған соң, заңдылығын тексеретін боламыз. Егер қандай да бір заң бұзушылық анықтасақ
, міндетті түрде шара қолданатын боламыз.

Мансұр ЕСҚОЖИН