$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Еуропарламент Украина бойынша резолюция қабылдады

AstanaTV
28.02.2014ж. 10:00
957
Еуропарламент Украина бойынша резолюция қабылдады

Еуропарламент көпшілік дауыспен Украинаға қатысты резолюцияға қолдау білдірді. Онда Ресей Украина шекарасының кепілі, адам құқықтары бұзылуын тергеуге қатысты тәуелсіз комиссия құру туралы және Киевке қаржылай қолдау көрсету үшін донорлық конференция құру мәселелері қамтылған.

Жаңа билікке Еуропадан қаржылай көмек алу оңайға соқпайтын түрі бар. Ол үшін тағы реформа қажет. Өйткені, жақында "Аймақтық тілдер туралы" Рада қабылдаған заңы еуродепутаттар пікірінше, орыс тілді тұрғындардың құқын шектейді.

Ал, елдің экономикасы қазір шатқаяқтап тұр. Сыртқы қарызы 140 миллиард долларға жеткен. Зейнетақы төлеуге 700 миллион доллар отбасы мен балалар жәрдемақысына 4 миллиард қажет. Енді бұл проблеманы жаңадан тағайындалған премьер Арсений Яценюктің үкіметі шешуі тиіс.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА