Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық конькиші Роман Креч пәтерсіз қаламын деп алаңдауда

AstanaTV
28.02.2014ж. 13:00
927
Қазақстандық конькиші Роман Креч пәтерсіз қаламын деп алаңдауда

Қазақстандық конькиші Роман Креч баспанасыз қалуы мүмкін. Олимпиада құрамасының мүшесі өзінің Фейсбук парақшасында отбасы өз үйінен шығарылып жатқанын жазған. Конькишінің Петропавлдағы сүрілетін үйінің орнына әкімдік құрылысы бітпеген бір бөлмелі пәтер беріпті.

Роман Креч, конкимен жүгіруден ұлттық құраманың мүшесі:

Ал Солтүстік Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин дабыл қағудың еш реті жоқ деп отыр. Алайда Роман Креч үйінің қиратылатынын жасырмады. Себебі, жоспар бойынша бұл жерде мұз айдыны бар Спорт сарайы салынбақ. Ал әкімдіктегілер, үйдің олимпиада қатысушысына тиесілі екенін білмеген. Сондықтан, Романның өзі келгенше, үй сүрілмейді, баспана мәселесі шешіледі деп сендірді Руслан Есеналин.

Әлия ӘШІМ