Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкентте өкілеттігін асыра пайдаланған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
28.02.2014ж. 13:00
1085
Шымкентте өкілеттігін асыра пайдаланған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте полиция күдіктіні тергеу изоляторына жеткізудің орнына, бағытын ауыстырып, оны туыстары мен достарына алып барған. Бұл оқиға тергеушімен кездескен соң, изоляторға бара жатқан жолда болған.

Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасына тиесілі айдауыл ротасының үш полициясы осылайша қызметтерін асыра пайдаланып отыр. Яғни, заңға қайшы шығып, күдіктілерге кездесу ұйымдастырған. Ұсталған күдіктілер ірі көлемде мемлекеттен қаржы ұрлағаны үшін айыпталған. Олардың достары мен туыстары бір үйде күтіп отырыпты. Сол үйде, яғни оқиға орнында қызметтерін асыра пайдаланған полиция қызметкерлері мен күдіктіні жедел топ мүшелері құрықтады.

Қазір тәртіп сақшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі полицияны қамау туралы санкция шықты, ал үшіншісі ешқайда кетпеу туралы тілхатқа қол қойды.

Сымбат МОЛДАТАЙ