Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырау облысында 5 күн бойы із-түссіз кеткен 7 жасар Аманбек Бегістің денесі табылды

AstanaTV
28.02.2014ж. 20:00
765
Атырау облысында 5 күн бойы із-түссіз кеткен 7 жасар Аманбек Бегістің денесі табылды

Атырау облысында 5 күн бойы із-түссіз кеткен 7 жасар Аманбек Бегістің денесі табылды. Бұл туралыкүндізгі сағат 12-лер шамасында құзырлы орындарға Мақаттан 20 шақырым жердегі мұнайкомпаниясының жұмысшылары хабарлаған.

 

Естеріңізге салсақ, 23 ақпанда есік алдына ойнауға шығып кеткен Аманбектен туыстары көз жазыпқалады. Бірден іздеу жұмыстары басталып, Мақат ауданындағы  50 шақырымдай аумақты  құтқарушылартікұшақпен айналып шыққан еді. Іздеу шараларына сондай ақ ішкі істер органдарының өкілдері,ауыладамдары мен мекеме қызметкерлерінен құралған бірнеше адам тартылған. Олар  иесіз қалған қыстақтармен ой-шұқырларды тегіс аралап шықты.  Бірақ іздеу нәтиже бермеді.

 

Тек бесінші күн дегенде баланың денесі табылып отыр. Алдын-ала болжамға сәйкес, бала суыққашыдамай үсіп қалған. Қазір мәйіт аудан орталығына жеткізіліп, сот-медициналық сараптама жұмыстарыбасталды.

 

Сәлімғали Салықбаев,  Атырау облыстық ТЖД бөлім бастығы:


Баланың денесі далалықтан тегіс жерден табылды. Бірінші қараған көзге ешқандай жарақаталмаған. Сондықтан  оны  салқындықтан қайтыс болған деп есептеп отырмыз.  Қазіргі кезде алға қарай қажетті анықтау жұмыстарын анықтау үшін денесі аудандық ІІБ тапсырылды.

 
Базаргүл ІЗІМОВА