$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Украинаға экономикалық коллапс қаупі төніп тұр

AstanaTV
28.02.2014ж. 20:00
1061
Украинаға экономикалық коллапс қаупі төніп тұр

Украинаға экономикалық коллапс қаупі төніп тұр. Елдің ұлттық банкі жергілікті қаржы институттарынан валюталық салымды шешіп алуға тыйым салды. Бұл туралы жаңа тағайындалған бас банкир Степан Кубив мәлімдеді. Енді күн сайын тек 15 мың гривен алуға рұқсат бар. Мұны естіген украиндықтар ұлттық банктің алдына ұзын-сонар кезекке тұрды. Шектеу қашанға дейін созылатыны белгісіз, десе де жұрт жаппай жинаған ақшаларын алып жатыр.

Айта кетейік, соңғы екі күнде олар есепшоттарынан 3 миллиард доллар қайтарып алған. Ал Украина әлі күнге дейін Еуроодақ пен АҚШ-тан үлесті несие күтіп отыр. Себебі елдің сыртқы қарызы 140 миллиард долларға жеткен. Зейнетақының өзіне 700 миллион, ал отбасы мен балаларға жәрдемақы үшін 4 миллиард доллар қажет. Ел қазынасында мұндай қаржы жоқ, сондықтан жаңа биліктің міндеті одан әрі қиындай түсетін түрі бар.

 

Әлия ӘШІМ