Рим банкрот болуы мүмкін. Қаланың
қазынасы таусылып барады. Италия астанасының басшысы Иньяцио Марино ақша
табылмаса, балабақшалар мен ауруханалар жабылатынын айтты. Қоғамдық көліктер де
тоқтайды деді.
Қала қоржынының қағылуы тасқын селдің салдарынан деген
ақпарат бар. Себебі табиғат апатынан қираған аймақты қалпына келтіру үшін
қомақты қаржы жұмсалған. Енді Марино қала қызметіне де ақша таппай отырмыз деп
жариялады. Ал біршама уақыт бұрын ел үкіметі "Римді құтқару" атты заң
жобасын құптамаған. Қазір құжатты арнайы топ үкіметте қайта әзірлеп жатыр.
Әлия ӘШІМ