$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында сөмкелердің көрмесі өтуде

AstanaTV
28.02.2014ж. 20:00
2008
Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында сөмкелердің көрмесі өтуде

Қыздың сөмкесі - жасырын жұмбақ, оны аш та, өзіңе бейтаныс әлемді тап! Теміртаудағы тарихи- өлкетану мұражайы келушілерге осындай өзгеше ұсыныс айтты. Ханымдарға арналған өткен ғасыр мен заманауи сөмкелердің сәннен түспеген брендтері көрмеге қойылды. Мұражай қызметкерлері әртүрлі әйелдің сан қилы сөмкесін бір ай бойы суретке түсіріпті. 


Сөмке! Бұл заттың әрбір қыз үшін маңызы зор. Ерекше мұражайға жиылған жұрт та мұндай пікірмен келіседі. Өйткені сөмке - сән бөлшегі ғана емес, кез келген ханымға ауадай қажет зат. Мамандығы да, жасы да әр түрлі 50- ден астам әйел көрмеге өз сөмкелерін тапсырған.


Ну, вот, тут у меня крем для рук, кошелек, пюре.. В общем, все что нужно. Вдруг война - а я без ножниц! Никак!


Барлық затым - өзіммен бірге! Сан түрлі сөмкеге ортақ анықтама осы. Әйел сөмкесі қашан да түрлі түсті бұйымға толы. 50- ші жылдары ұсталған мына сөмкеде де - сол баяғы косметика, естелікке айналған «Қызыл Мәскеу» иіссуы. Ал заманауи қыздың сөмкесінен бұған қосылатыны тек ұялы телефон немесе планшет. Бір қызығы, көрмеге жиылған әйел заты «бұның бәрі кімге керек?» деген қисынсыз, әдетте ер адамдар қоятын сауалды, тіпті, айтқан да жоқ.


Жангүл Ыбраева, көрмеге келуші:


Бұл менің сөмкем. Мұнда күнделікті өмірге қажетті заттар салынады. Ол заттар, міне, мұнда. Көруге болады. Телефон зарядкасы, духи, телефон, кошелек, футляр, қалам және помада.


Светлана Трещёва, Теміртау қаласы тарихи-өлкетану мұражайының бас ғылыми қызметкері:


Бәріне кінәлі ер адамдар емес пе? 14-ші Людовиг тек ер адамдардың киіміне ыңғайлы қалта ойлап тапқан. Одан нәзік жандылар қалыса ма? Өздеріне сөмке тігіп алған.


Сөмке - өз иесінің образын, тіпті, көңіл күйін көрсетеді. Әдеттерін, жасын анықтайды. Заманауи әйелдер өздерімен бірге тек косметика емес, қорғаныс үшін балға, тіпті тапанша алып жүреді екен.


Вот здесь явно женщина в возрасте - и успокоительные таблетки, кошелек большой. Бананы купила, может для детей. Ну, и пакет для продуктов.


Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында дәл осындай ерлерге арналған көрме ашылады деген жоспар бар. Мұражайдың нәзік жанды қызметкерлері бұл күні талай құпияның куәсі болуға үмітті.


Сымбат МОЛДАТАЙ