Ертең еліміздің мүмкіндігі шектеулі спортшылары Сочиде өтетін Паралимпиадалық ойындарға аттанады. 46 мемлекеттен 1 мың 500-ден аса спортшы қатысатын дүбірлі додада Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды. Бүгін олар соңғы дайындықтарын пысықтады. Паралимпиадашыларды күні кеше Сочиден жүлделі оралған спортшы Денис Тен қанаттандырып, сәт-сапар тіледі.
Өз ортасында «қайсар қыз» атанып
кеткен Жаңыл Балтабаева дүниеге сол аяқсыз келген. Ол XI Паралимпиядалық
ойындарға аттанатын спортшылар арасындағы жалғыз қыз. 11 жыл бұрын спортпен
шұғылдана бастаған ол алғашқыда жүзу, кейіннен жеңіл атлетикамен айналысқан.
Ал шаңғыға өткен жылдан әуестенген. Спорттың дәл осы түрінен ел намысын
қорғайтын Жаңыл бұл жолы алтыннан үмітті.
Жаңыл Балтабаева, Сочидегі XI қысқы паралимпиада ойындарына қатысушы:
Сочиге барамын деп ойлағам жоқ. Тренеремім айтты барасың деп. Мен бірден
мамама айттым. Ол да қатты қуанды. Енді қазір мен Сочиге дайындалып жатырымн.
Бұйырса ертең жол жүреміз. Жақсы қорытынды көрсетуге тырысамын.
Ал Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті биыл 5 лицензияға ие болғанымызды
олжаға балайды. Қазақстан осы уақытқа дейін Паралимпиадалық ойындарда тек бір
ғана жолдамамен қатысып келіпті. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар арасында
спортты дамытуды қолға алмақ.
Дархан Кәлетаев, Ұлттық паралимпиадалық комитетің президенті:
Жазғы спорты түрлерін дамыту үшін орталықтар ашу керек, қысқы спорт
түрлерін ашу үшін орталықтар ашу керек. Ол енді бөлек әнгіме. Қазіргі міндет
Сочиде жеңіске жету. Барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Жігіттердің дайындығы
жақсы.
Мүмкіндігі шектеулі спортшыларымызды қолдауға мәнерлеп сырғанаудан Сочи
Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен де келіпті.
Денис Тен, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері:
Сіздерге сәттілік тілеймін. Менің медалім сіздерге сәттілік әкелсін. Мен
олимпияда сіздер ойлағандай өтеді деп сенемін. Арман мақсаттарыңызға
жетіңіздер. Мен сіздерге сенемін. Сіздерге барлық ел сенеді.
Айта кетейік, Сочи қаласында өтетін XI Паралимпиадалық ойындар 7 наурызда
басталады. Оған 46 мемлекеттен 1500-ден аса мүмкіндігі шектеулі спортшы
қатысады. Қазақ елінің намысын қорғайтын спортшылар биатлон және шаңғы
жарысынан сайысқа түседі.
Досжан МАРАТҰЛЫ