$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Өскемен тұрғындар көктемнің келгенін тойлап жатыр

AstanaTV
03.03.2014ж. 13:00
1154
Өскемен тұрғындар көктемнің келгенін тойлап жатыр

Өскемендіктер христиандарға тән қысты шығарып салу мерекесін атап өтті. Көне наным-сенімге сай бұл күні жайма шуақ көктемді қарсы алу рәсімі жасалады.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мерекені атап өтуге халық көп жиылды. Ат шанамен келгендердің де қарасы қалың. Бұл мерекеде жұқа құймақ пісіру салты жасалады. Көрші-қолаң, туған-туыс бір-бірін қонаққа шақырып, дәм татырады. Тіпті, құймақ пісіруден бұқара арасында жарыс ұйымдастырылды. Мерекенің тағы бір салты - қыс кейпіндегі бейнені өртейді, осылайша бұрқасын боран мен сарышұнақ аязды шығарып салады.

Виктория Строкатова, Өскемен қаласының тұрғыны:

Бәріміз жұқа құймақ пісіріп жарыстық. Ол бірде дәмді шықса, енді бірде дәмсіз болуы мүмкін. Сондықтан әр қыздың өзінің пісіру құпиясы бар. Оны ешкімге ашпайды. Бұл мереке көктемнің келгенін білдіреді. Әрине қуаныштымыз. Күн жылып, халық жадырай түседі енді.

Қанат ОРАЛБЕК

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах