$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қазақстан Украинадағы жағдайға қатысты барлық тараптарды мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырды

AstanaTV
03.03.2014ж. 20:00
809
Қазақстан Украинадағы жағдайға қатысты барлық тараптарды мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырды

Қазақстан Украинадағы жағдайға қатысты барлық тараптарды күш қолданудан бас тартып, мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырды. Ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов қазақ елі Украинадағы жағдайдың тұрақтанып, бейбіт диалог орнайтынына үміт білдіретінін жеткізді. Ресми өкілдің айтуынша, тәртіпсіздіктер тыйылмай тұрған аймақтардан отандастарымыз эвакуацияланып жатқан жоқ. 


Жанболат Үсенов, ҚР СІМ ресми өкілі:


Барлық мүдделі тараптарды жағдайды бағалауға байсалды, әділетті болуға және жауапкершілік танытып, Украиндық дағдарысты ушықтыруға себеп болатын әрекеттерден бас тартуға шақырамыз. Эвакуация жөнінде ешқандай шара қолданып жатқан жоқпыз. Жағдайдың өрбуіне қатысты. Алаңдаушылық туғызатын жағдайлар туындаса, бұл шешімдерді қайта қарастырамыз. Қазіргі таңда эвакуация жасалып жатқан жоқ.


Айгүл ӘДЕПБАЙ

 

   

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах