$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Жамбыл облысында өңделген қой жүні Италияға экспортталады

AstanaTV
04.04.2014ж. 20:00
1041
Жамбыл облысында өңделген қой жүні Италияға экспортталады

Жамбыл облысында өңделген қой жүні енді Италияға экспортталады. Мұндай мүмкіндікке Әулиеатадағы «ПОШ-Тараз фабрикасы» қол жеткізіп отыр. Жамбылдағы жалғыз жүн шаятын кәсіпорын - "ҚазАгро" ұлттық холдингінің еншілес компаниясы. Енді холдинг қолдауымен 70 тоннадан аса қой жүнін шетелге шығармақ.

Сонымен қатар өңірде «ҚазАгроӨнімнің» қолдауымен тағы бір серіктестік «ТаразБылғарыКомбинатының» жұмысы жандануда. Бұл кәсіпорын аяқ-киім өнімдерін шетелге шығаруды қолға алып отыр.

Жуық арада Аппенин түбегін Жамбыл облысы жүнмен жарылқайды. Жылдық қуаты 2 мың тонна болатын «ПОШ-Тараз фабрикасы» «ҚазАгроӨнім» көмегімен Италия үшін өнім өндірмек. Қазірдің өзінде жөнелтіледі деп жоспарланған 72 тонна жүннің алғашқы легін топс түрінде жіберіп үлгеріпті. Ал топс - жүннің жұқа негіздегі жартылай фабрикаты.

Талғат Жанесенов, «ҚазАгроӨнім» АҚ оңтүстік өкілділігі директорының орынбасары:

Енді осы топс бойынша Италяндық компания «Викатекспен» келісімшартқа отырдық. Алғашқы партиясы жіберілді. Ол қазіргі таңда 38 тонна жіберілді. Сол компаниямен ары қарай жұмыс істеуге дайынбыз.

Ал Иалия компаниясы мен «ҚазАгроӨнім» арасындағы жыл басында жасалған келісім сомасы 598 мың АҚШ долларын құраған. Ендеше екінші тарап экспорттан 108 млн теңге табыс түсіреді деген сөз.

Болат Момышев, «ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС бас директоры:

Бізге «ҚазАгроӨнім» биылғы жылдан бастап Еуропаға, ондағы Кедендік кеңістікке шығуға мүмкіндік берді. Сондықтан «ҚазАгроӨніммен» келісімшартқа отырдық. Жүн өнімдерін Қытайға емес, Еуропаға экспорттаймыз. Себебі сұраныстары көп болғандықтан, фабрика толық қуатымен жұмыс істей алады.

Ал бұл - «ТаразБылғарыКомбинаты». 50 жылдан аса тарихы бар. Кәсіпорын алғашқыда тек шикізат дайындаумен шектелсе, былтырғы жылдан бастап аяқ киім шығаруды қолға алыпты.

Талғат Жанесенов, «ҚазАгроӨнім» АҚ оңтүстік өкілділігі директорының орынбасары:

Былғары аяқ киім зауытымен бірге «Вет-блюді» былғарыларын шетелге шығарып жатырмыз. 6,5 миллион АҚШ доллары шамасында Қытай және Ресейге сатылды. Енді осы жұмыстарды ары қарай жалғастыра береміз.

Жылдық қуаты 500 мың жұп аяқ киім шығаруға қауқарлы комбинат, өкінішке орай, 100 мыңмен ғана шектелуде. Өйткені техникалық жадбықтары толық емес. Олар ірі компаниялардың қолдауына зәру.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ