Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресейден мұнай өнімдерін тасымалдаумен бір ғана оператор шұғылданады

AstanaTV
03.03.2014ж. 20:00
1315
Ресейден мұнай өнімдерін тасымалдаумен бір ғана оператор шұғылданады

Жанармай қымбаттамайды! Бұдан былай Ресейден мұнай өнімдерін тасымалдаумен бір ғана оператор шұғылданады. Ол "ҚазМұнайГаз өнімдері". Осылайша ай сайын жанармайдың шекті бағасы белгіленбек. Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында бас экономист Ерболат Досаев көктемгі егіс науқанында да сұйық отын бағасы өспейді деп сендірді. Мөлдір Бақытқызы толықтырады. 

Әдетте бетегеден биік, жусаннан аласа болып жүретін тырнақшаның ішіндегі "бейтаныс" депуттардың өзі бүгін белсенді. Бас экономистке жалақы өсімінен бастап, жетім балалар тағдырына дейін сұрақтарды жаудырды.Тым ұзап кеткен Үкімет сағатында төзімі таусылып залдан шығып кеткен кейбір мәжілісмендер соңында вице-спикерден сөз естіді.

Бұдан былай жылына Ресейден екі миллион тонна жанар-жағармай жеткізу "ҚазМұнайГаз өнімдеріне" жүктелмек. Жуырда ғана ұлттық компания төрағасы Сауат Мыңбаев девальвациядан соң, доллармен импортталатын ресейлік өнім бағасы өскенін, мұның түбі бағаның шарықтауына, тіпті тапшылыққа да соқтыруы мүмкін деп қауіптенген. Сөйтіп, Үкімет тығырықтан шығудың жолы осы тасмалдаушы жалғыз операторды таңдау деген шешімге келсе керек.


Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі:


Бір оператор болады - "ҚазМұнайгаз өнімдері", солар импортты Ресей Федерациясынан бәрін сатып алып, көтере әкелетін болады. Көктемгі ауыл шаруашылығы жұмыстарына біз 350 мың тонна бөліп отырмыз. Бекітілген баға. Егін егуді дұрыс өткіземіз.


Ал сәуірден бастап өсетін мұғалім, дәрігерлер жалақысына үстеме пайыз тек негізгі айлыққа қосылатыны комунист-депутатты қамықтырып тастады.


Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "ҚКХП" фракциясының мүшесі:


Вы прекрасно знаете, что базовый должностной оклад чуть больше 17 тысячи тенге. Получается, учителям и врачам добавят 1700 тенге. Не считаете, что это издевательство?


Пайыздық өсім шынымен осылай іске аспақ. Ал депутат Өксікбаев банктердің жағдайына шағымданды. 3-4 пайыз депозит үшін, шет елге құйылатын Ұлттық қор қаржысын өз банктерімізге беруді ұсынды.


Омархан Өкісікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:


Әнеугүні мен қыбылдау жасаған едім, бір кәсіпкер келіп айтты. Хоум-Банк дегеннен 55,5 пайызға кредит алдым дейді. Ал енді онымен ол қалай күн көреді, қалай өседі?


Бір жағынан жуырда дәл осы мақсатта бір триллон теңге бөлінді емес пе? Қаражаттың 70 пайызы екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлікті қаржыландыруға жұмсалмақ. Бүгін Зағипа Балиева тосын ұсыныс айтты. Мемлекет жылына әр жетім баланы асырап-сақтауға бір миллионнан астам қаржы жұмсайды. Одан да осы ақшаны баланы бағып-қағатын "қамқор" отбасыларға беру қажет дейді.


Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:


Надо законодательно закрепить, эти 1,386 млн тенге передавать этим семьям. 40% на содержание ребенка составляет. 40% можно обязать перечислять в Жилстройсбербанк, 20% надо обязательно перечислять в ГОНС наш.

Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі:


Я не хотел бы, чтобы, как показывает наших соседних стран, некоторые превращали это в своеобразный бизнес, поэтому, если вы поддержите нас, покажете, что это необходимо, перераспределить средства всегда можно.


Бас экономистке сұрақ қойғандар саны отыздан асып жығылды. Белсенді әріптестерін аяғына дейін тыңдамай, төзімі таусылып, түскі асқа асыққан кейбір депутаттар соңында вице-спикерден сөз естіді.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ