АҚШ-тың Миссисипи штатында құтқарушылар 20 адамды
ажалдан аман алып қалды. Олар тасқын кезінде күшті ағыспен кетіп қала
жаздаған, - деп хабарлайды Рейтерс. Жергілікті өзендердің тасуынан су деңгейі
бірнеше метрге көтерілген.
Батыстағы жағдай да мәз емес. Онда торнадо жүріп
өтті. Техаста желдің жылдамдығы секундына 48 метрге жетті. Ондаған ғимараттың
шатыры қирап, мектептерде сабақ тоқтатылды. Көрші Оклахоманы қосқанда, 17 адам
зардап шеккен. 28 мың үй жарықсыз қалды. Жолдарда көлік қозғалысы қиындаған.
Ал Солтүстік Канзаста апельсиннің көлеміндей бұршақ жауды.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ