Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ресейдің құнды қағаздарының бағасы тым құлдырап кетті

AstanaTV
04.03.2014ж. 10:00
1276
Ресейдің құнды қағаздарының бағасы тым құлдырап кетті

АҚШ Сенаты Ресей банктеріне қарсы санкция енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ, Ресей мемлекеттік мекемелері мен жеке меншік инвесторларының активтерін тоқтатып тастамақшы. Бұл жөнінде «Голос Америки» радиостанциясы Еуропа істері бойынша комитетті басқаратын Сенатор Крис Мерфиге сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің Украинаға қарсы әрекеті үшін АҚШ Конгрессінің Жоғарғы Палатасы визаларды тоқтату мәселесін де көтеріп жатқан көрінеді. Ресей мен Украина арасындағы жағдайдан соң Ресейдің шикізат компаниялары мен банктерінің акцияларының құны түсе бастады. «Газпром»-ның құнды қағаздары - 11%-ға, «ВТБ» банкінің акциялары - 12,5%, «Сбербанк» акцияларының құны - 8%-ға арзандады.

Доллар мен еуроның рубльге шаққандағы бағамы бұрын-соңды болмаған деңгейде қымбаттады. Ресей орталық банкі инфляция мен қаржылық тұрақсыздықты болдырмас үшін пайыздық мөлшерлемені 5%-дан 7%-ға дейін уақытша қымбаттатуға шешім қабылдаған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ