$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада донор және трансплантация бойынша дөңгелек үстел өтті

AstanaTV
04.03.2014ж. 10:00
1215
Астанада донор және трансплантация бойынша дөңгелек үстел өтті

Қазақстанда қайтыс болған адамның туған туыстарының рұқсатынсыз-ақ, мәйіттің дене мүшелері донорлық мақсатта қолданылуы мүмкін. Бұл ереже енді заңдастырылмақ. Тек өз органдарын өзгеге беру туралы марқұм болған азаматтың, көзі тірісінде берген келісімі қажет.

Аталған мәселе Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Норманың кодекске еңгізілуі де тегін емес, өйткені марқұмның туыстары мәйіттің органдарын донорлыққа алуға рұқсат бермей жатады. Ал бұл өзге адамның өмірін сақсап қалу үшін қажет, дейді мамандар. Жағдай қатты қиындаса керек, ақ халаттылар халыққа үндеу жариялауға мәжбүр болды. Онда тұрғындарды ерікті донор болуға шақырған. Дәрігерлер ағзалар мен тіндер трансплантациясын дамыту үшін мәйіт донорлығы проблемаларын шешу керек деп отыр.

Илхам ИБРАГИМ