Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Төртінші мұнай өңдеу зауыты өнімдері қайда экспортталады

AstanaTV
04.03.2014ж. 13:00
1252
Төртінші мұнай өңдеу зауыты өнімдері қайда экспортталады

Ел жаңалықтары. Төртінші мұнай өңдеу зауытының өнімдері Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан мен Ауғаныстанға экспортталады. Бұл жөнінде «ҚазМұнайГаз»-дың басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев хабарлады.

Оның айтуынша, зауыт өнімдерінің басым бөлігін сыртқы нарықтарға шығару керек болады. Қазіргі уақытта бұл мәселе Үкіметте талқыланып жатыр. «ҚазМұнайГаз» басшысы сондай-ақ «Төртiншi мұнай өңдеу зауытының кемiнде төрт-бес жыл салынатынын атап өтті. Ал болашақта бізден қай елдердің бензин сатып алуы ықтимал деген мәселеге орай пікірін таратып айтты. Солтүстiк көршіміз Ресей мұнай өнiмдерiнен таршылық көріп отырған жоқ. Қытайда технология мен жұмыс күшi арзан, бәсекеге қабiлеттi зауыттар көп. Әзірбайжанда да солай. Сондықтан негiзгi экспорттық әлеуетi бар нарығымыз ол - оңтүстiк, - деді.

Сауат Мыңбаев «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы:

Олар - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Ауғаныстан. Ол нарықта Ресей өзiнiң экспорттық қуаттарымен жұмыс жасауда. Ресеймен бәсекелесу керек болады. Осы мәселелер қазiр Үкiметте талқылануда
.

Сонымен қатар, Сауат Мыңбаев екінші жартыжылдықта Қашағандағы мұнай өндірісі жандануы мүмкін деп отыр.

Ал күні кеше Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қашағаннан ағымдағы жылы 3 миллион тонна мұнай өндіреміз деген. Алайда «Қазмұнайгаз» басшысы бұл сандармен келіспейді. Сөзіне сенсек, кен орнындағы апаттан кейінгі қорытынды тек наурыз айының соңында шығады. Осыдан соң ғана мұнай өндірісі жайлы сөз қозғауға болады деді Сауат Мыңбаев.

Әлия ӘШІМ