$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

AstanaTV
04.03.2014ж. 20:00
1300
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

Украинадағы жағдай ТМД аясындағы елдердің өзара қарым-қатынасына тікелей әсер етеді. Кеден одағы мемлекеттеріне де жанама қатысы бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдау кезінде осылай деді. Президент таяу арада байсалды пікір алмасып, қазіргі жағдайдағы қауіпті үрдістердің белең алуына жол бермеу шараларын талқылайтын кездесу өткізу туралы ұсыныс енгізгенін де жеткізді.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


В связи с этим, чтобы прояснить ситуацию и проконсультироваться, я вчера разговаривал с Путиным, он мне звонил. Я внес предложение немедленно встретиться и обсудить все эти вопросы. Как и согласованные действия, так и дальнейшее развитие очень опасной тенденций, которые происходят сейчас.


Нұрсұлтан Назарбаев ертең Мәскеуде өтетін Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің жұмысына қатысады. Кездесуде Қазақстан, Беларусь және Ресей басшылары арасында Украинадағы ахуал да сөз болады деп күтілуде. Тағы бір ақпарат - бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Есеп комитетін басқарған болатын.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА