$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанға "Протон-М" апатынан келген залал өтемақысы туралы мәселе шешілген жоқ

AstanaTV
04.03.2014ж. 20:00
1171
Қазақстанға "Протон-М" апатынан келген залал өтемақысы туралы мәселе шешілген жоқ

Қазақстан "Протон-М" зымыран тасығышы апатынан келген залал мөлшерін белгілеп берсе де, Ресей өтемақы туралы тіс жармай отыр. Бұл туралы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.


Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:


Что касается "Протона", то мы сумму ущерба посчитали и выставили ее российской стороне. Мяч, как говорится, в руках у Роскосмоса. Мы постоянно ведем переговоры с "Роскосмосом" о возмещении этого ущерба.


Бұдан бұрын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев өтемақы мәселесі созылып кеткеніне алаңдаушылық білдірген. Ол Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің алқа отырысында бұл мәселені тез арада реттеу керектігін айтты.

Еске салайық, өткен жылы шілдеде Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышы көкке көтерілісімен, жерге құлап, жарылды. Салдарынан жүздеген тонна улы гептил төгілді. Қазақстанның Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі апаттан келген зардап көлемін есептеп шығарған. Ол бойынша, табиғатқа келген шығын мөлшері 13 миллиард теңгеге бағаланды.


Жұрағат БАМАН