$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы базарындағы өртке қатысы бар күдіктілер сот алдында жауап береді

AstanaTV
04.03.2014ж. 20:00
1021
Алматы базарындағы өртке қатысы бар күдіктілер сот алдында жауап береді

Алматыдағы көтерме сауда базарында өткен жылы тұтанған ірі өртке қатысы бар күдіктілер наурыздың 6-сы күні сот алдында жауап береді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Сотта «Олжа» базарын жалға алушы Қайранов пен «Құлагер» базарының директоры Алдабергеновтен жауап алынбақ. Екі айыпталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша іс қозғалған.

Еске салайық, «Олжа», «Аян», «Керемет» базарлары өткен жылы 13 қыркүйекте өртенген. Ол кезде қызыл жалын 5 мың 400 шаршы метр аумақты шарпыды. Жарты тәулік бойы жанған отты сөндіруге 1500-дей адам мен 150-ге жуық техника, сондай-ақ екі тікұшақ жұмылдырылған еді. Айта кетейік, бұл "барахолкадағы" өртке қатысты қозғалған алғашқы қылмыстық іс.


Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз жетекшісі:


Қайранов пен Алдабергеновке қатысты сот отырысы 6 наурызда сағат 11-де өтеді. Жабық түрде. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою, немесе бүлдіру. Бұл бап Қайрановка катысты. Ал Алдабергенов «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» бабы бойынша.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ