$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда қалалық прокуратураның бөлім бастығы қызметінен босатылды

AstanaTV
04.03.2014ж. 20:00
985
Қостанайда қалалық прокуратураның бөлім бастығы қызметінен босатылды

Қостанайда қалалық прокуратураның бөлім бастығы қызметінен қуылды. Мас күйде көлік тізгіндеген құзырлы орган қызметкері жол ережесін бұзып, апаттық жағдай туғызады. Жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан жарақат алған жүргізуші дереу ауруханаға жеткізілген. "Қазіргі таңда оның жағдайы қалыпты",- дейді дәрігерлер.


Игорь Войтов, Қостанай қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:


Жүргізушінің бас сүйегі қатты зақымданған. Оған дереу ота жасалды. Ота жасау барысында науқастың миына қауіп төндірген сынықтар түгел алынып тасталды.


Прокуратура өкілдері мен ішкі істер департаменті қызметкерлері жол көлік оқиғасына қатысты сұқбат беруден бас тартты. Бірақ жол апаты жайында хабарлама облыстық прокуратураның сайтында жарияланған. Ресми ақпарға жүгінсек, қызметтік тексеріс жүргізіліп, аймақ прокурорының бұйрығымен бөлім басшысы қызметінен босатылды. Ал қарамағындағылардың қателігі үшін қала прокуроры Әділхан Ерекешев қатаң сөгіс алған.


Заңғар САНАЙ