Павлодарда «Достық үйі» мен кәсіпкер арасындағы дау ушыға түсті. Қадірлі
қонақтар үшін тапсырыспен жасалған жиһаздар шартта көрсетілген талапқа сай
болмай шыққан. "Сапасын айтпағанда, түсінің өзі бөлек", - дейді мәдениет саласының
өкілдері. Кәсіпкер болса, өз ісінде ешқандай кемшілік жоқ екенін айтып, заң
арқылы дәлелдеуге тырысып жүр. Тараптардың айтысы өңірдегі тілшіміз Әсемгүл
Мұхитқызының назарында.
Достық үйінің төменгі қабаты соңғы бірнеше айда кәдімгі қоймаға айналған.
Құны 30 млн-ға бағаланған жиһаз әзірге мұнда қапталып тұр. Мәселен, мына
диванның бағасы 500 мың теңге. Алайда оның жасалған материалы мен сапасына
қарап, бұған күмәнмен қарауға толық негіз бар. Үйіліп тұрған мына жиһаздарды мемлекеттік мекеме кәсіпкердің өзіне
қайтармақ. Себебі, тапсырыс берушінің айтуынша, сапасы нашар, түр-түсі де әуелгі
келісімге сай емес.
Поставлена мебель коричневая. Вот.
Тілші:
Келісім бойынша қандай?
Белая
слоновая кость, с позолотой.
«Достық үйінің» директоры жиһаздың
өлшемдері де талапқа сай емес, дейді. Мәселен, мына шкафтың биіктігі 2,10, ал
ені бір жарым метр болуы тиіс. Алайда бар ұзындық 1 метр 15 см-ден аспай тұр.
Кемшіліктерді жіпке тізген, мекеме басшысы кәсіпкерді сотқа берген. Алайда екі
мәрте жеңіліп қалады. Бірақ шешіммен келіспей, кассациялық сотқа шағымданған.
Ақыры мәдениет ошағы өз дұрыстығын мойындатты.
Руслан Маралбаев, Павлодар қаласындағы "Достық үйінің" директоры:
Сот орындаушыларына атқару қағазын бердік. Олар кеткен шығынды қайтарып
алуы керек. Біз өзіміздің құқығымыды білеміз және әрекетімізді дұрыс деп
санаймыз. Өйткені, мердігер келісім-шарттағы талаптарды орындаған жоқ.
Даудың басы осыдан бір жарым жыл бұрын Керекуде өткен аймақаралық
ынтымақтастық форумынан шықты. Сол кезде «Азор» фирмасы, Ресей мен Қазақстан президенттері қатысатын шараға қажет жиһазды әкелуге міндет алған. Мәжіліс
үстелі, 60 орындық, жұмсақ жиһаз, шкаф және басқа да қажеттіліктерді жеткізген.
Екі жақты келісімге сәйкес, оның құны 35 млн 850 мың теңге деп бекітіледі.
Достық үйінің директоры форумда басқа жиһаздың қолданылғанын айтты.
Ал кәсіпкер Роза Әлиева да, «20 жылдық тәжірибемде мұндай бассыздықты көрмедім»
деп ақталды. Оның сөзіне сенсек, тендер жарияланбаған. "Аймақаралық форум
қарсаңында мәдениет басқармасының өзі тапсырыспен рәсімдетті", - дейді. Өнім дер
кезінде жеткізіледі. Ешқандай келіспеушілік болмапты.
Роза Әлиева, кәсіпкер:
Жиһаз саммитте пайдаланылды. Қолданылған заттарды мен қайтып аламын! Ал сот объективті өтпеді. Жиһаздың жағдайы, сапасы, саны да ескерілген жоқ.
Маралбаевтың сөзі бойынша, бәрі калькулятормен есептелді. Кәдімгі базардағы
саудаласу сияқты. Кәсіпкердің мүддесін ойлаған жан болмады.
Құқығын кезекті мәрте дәлелдеуге тырысқан Роза Әлиева енді апелляциялық
сотқа шағым түсірді.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ