Астанада жаға ұстатар жағдай
орын алды. Тапа тал түсте ең биік ғимараттан әйел адам құлап, мерт болды. Бұл
жөнінде қалалық Ішкі істер департаменті ақпарат таратуда. Куәгерлердің
айтуынша, марқұм жиырма тоғызыншы қабаттан құлаған. Соққының қатты болғаны
сонша, әйел оқиға орнында бірден жан тапсырды. Марқұм өзі секіріп кетті ме,
әлде біреу оны итеріп жіберді ме - ол жағы әзірге белгісіз.
Астана қалалық Ішкі
істер департаменті оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кіріскен. Полицейлер қаза
болған әйелдің кім екенін анықтады. Ол Ақмола облысының 57 жастағы тұрғыны болып
шықты. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Айта
кетейік, қайғылы оқиға болған «Изумрудный Квартал» кешенінің ғимаратында
бірнеше компаниялардың кеңселері орналасқан.
Берік ХАСЕНОВ