$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда тұманнан бірнеше әуе рейсі кейінге шегерілді

AstanaTV
05.03.2014ж. 13:00
1152
Алматыда тұманнан бірнеше әуе рейсі кейінге шегерілді

Ұшақ кептелісі. Бүгін таңғы уақыттан бері Алматы халықаралық әуежайында тұман салдарынан бірден 14 ұшақтың рейсі кейінге қалдырылды. Олар Алматыдан Әбу-Даби, Шымкент, Дели, Қызылорда, Душанбе, Павлодар және Астанаға ұшуы керек болған. Мыңға жуық жолаушы әуежайда жіпсіз байланып отыр. Қолайсыз ауа-райынан әуе көліктері ұшып-қона алмай қалған.

Сондай-ақ, Алматыға ұшып келуі тиіс ұшақтардың да бағыттары өзгерген. Солардың бірі - Астана-Алматы бағытындағы ұшақ. Ол амалсыздан Қарағанды қаласындағы қосалқы аэродромға қонды. Қазір тұман сейіліп жағдай тұрақталуда, - дейді әуе компаниясының өкілі.

Тілек Әбдірахымов, «Эйр Астана» әуе компаниясы бұқарамен байланыс бөлімінің менеджері:

Ол ұшақтар ауа райының қолайсыздығы, яғни, тұманның салдарынан кейінге қалдырылған. Қазіргі уақытта ұшақтардың ұшу кестесі қалыпқа келтіріліп жатыр. Ұшақтар ұшып жатыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ