Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бірнеше апат болып адамдардың өмірін жалмаған Жолымбет кеніші кеңейтілмек

AstanaTV
05.03.2014ж. 13:00
1139
Бірнеше апат болып адамдардың өмірін жалмаған Жолымбет кеніші кеңейтілмек

Бірнеше апат болып адамдардың өмірін жалмаған «Жолымбет» шахтасы кеңейтілуі мүмкін. Бұл туралы біздің арнаның сауалына жауап берген Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Нұрлан Сауранбаев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары:

Месторождени
е является одним из перспективных месторождений. Исторически там всегда добывалось золото. В случае необходимости, мы готовы рассматривать расширение данной территории.

Вице-министр «Қазақ Алтын» тау-кен концерніне қарасты кеніштің тозып кеткенін растады. Жуырда инвестор ауысқан. Нұрлан Сауранбаев өндіріс ошағында қауіпсіздік талаптарының құлдырап кеткенін тұрақты басшылықтың болмауымен байланыстырды. Жаңа инвестор қазір алтын қорын анықтау үстінде. Барлау жұмыстары аяқталған соң, кенішті жаңартуға ақша бөлінуі тиіс.

Айта кетейік, соңғы жарты жыл ішінде «Жолымбет» кенішінде жер қыртысы қопарылып, төрт адам ажал құшқан.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА