Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мәжіліс отырысына Нұрлан Қаппаров дайындықсыз келгені үшін сөгіс естіді

AstanaTV
05.03.2014ж. 20:00
2545
Мәжіліс отырысына Нұрлан Қаппаров дайындықсыз келгені үшін сөгіс естіді

Министр мырза мазаққа қалды. Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров "Әкімшілік құқық бұзушылық" туралы заң жобасын қорғамаққа тырысты. Алайда ведомство басшысы Мәжіліс төрағасынан қатаң сөгіс естіді.


Бүгінгі отырыс өзге жиындардан ерекше емес болған, мінберге Қоршаған орта мен су ресурстары министрі шықпайынша. Нұрлан Қаппаров «еліміздегі парник газдар шығарындыларына квотаны арттырғаны үшін айыппұл мөлшерін азайту керектігін» түсіндіруге тырысып бақты. Алайда депутаттар сұрақ жаудыра бастағанда, ежіктеп, көмекшілеріне жалтаңдай бастады.


Законопроект, который мы сейчас рассматриваем, соответствует ли экологическому кодексу? Вот вопрос? - ЭЭЭ, Гульмира...


Қалған сауалдарға да депутаттар жөнді жауап естімеді. Министр болса, бәлкім сұрақты түсінбеген болармын деп ақталды.


Нұрлан Жамбылұлы, кешіріңіз, сұраққа жауап жалғыз ғой. Барлық штрафтардың жолы бюджетке. Болды. - Мен онда сұрақты түсінбеген шығармын. -Бүгін бәріміз мынау Серғазинадан бастап, спикермен көмектесеміз сізге.


Көмектесемін деушілердің қатары аз болмай шықты. Бірақ Нұрлан Қаппаров алдын ала жазылған сұрақтардың жауабын да шатастырумен болды.


Ұласбек Сәдібекұлы, рахмет сұрағыңызға. - Жо-жо-жоқ! Не ту бумажку вытащил! - К Вам другой депутат обратился!


Ақыры заң жобасын тереңірек түсіндіремін деуші табылды. Депутат Егор Каппель мәселенің ақ-қарасын ажыратып берді.


Егор Каппель, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:


Заң жобасының мақсатын министр мырза жаңа ғана түсіндіруге тырысты. Елімізде парник газдар шығарындыларына квотаны арттырғаны үшін айыппұл мөлшерін 10 айлық есепті көрсеткіштен 5 айлық есепті көрсеткішке дейін азайту керек. Сонымен қатар жауапкершіліктің басталу мерзімін шегергеніміз жөн.


Жаңартылған «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодекс 1 маусымнан бастап күшіне енуі тиіс. Ол мұнай және газ өндірісінің жұмысын жеңілдетпек. Бастысы, өндіріс орындарынан аса үлкен мөлшерде айыппұл өндірмеуді көздейді. Жоба бірінші оқылымда мақұлданды. Бірақ авторы сөгіс естіді.


Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:


Нурлан Жамбулович, надо готовиться. Из доклада, содоклада, вернее, депутата Каппелья видно, что все вопросы ясны, ответы на них есть. Другой вопрос, что докладчик слабо владеет материалом.


Ал депутаттар жағы Қаппаровтың мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысып жүргеніне де шүкір десті.


Ұласбек Сәдібек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:


Пленарлық отырысқа келген кезде міндетті түрде, біріншіден, дайындалып келу керек. Сондықтан ол кісінің мемлекеттік тілде баяндама жасағаны дұрыс, бірақ көптеген сұрақтарға уақытында жауап бере алмады.


Нұрлан Қаппаровтың өзі «заң жобасы өте күрделі, сондықтан депутаттар мені түсінбеді» дегенінен танбады


Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:


Осы система бірінші болып жасап жатырмыз ғой бүкіл СНГ-де. Еуропада бар, Қытайда бар, Америкада бар. Осы біздің регионымызда осындай система болмаған. Механизмі өте қиын. Сондықтан оны оңай түсіну өте қиын.


Дайындықсыз келгені үшін сөгіс естіген шенеунік тек Қаппаров қана емес. Сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаев та мәжілісмендер алдына ежіктеп баяндамасын оқи алмағаны есімізде. Ол кезде спикер сөзін үзіп, көтерген мәселені күн тәртібінен алып тастаған-ды. Бүгін Нұрлан Нығматулин баяндаманың бетін ашпай келетіндерден әбден мезі болғанын ашық айтты.


Ну что это такое, слушайте, то не понимают, то помощники отвечают, совсем уже...


Ләйлә Қазиақпарова