Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ШҚО-дағы «Шығыс» ауылы электр қуаты үшін 55 миллион қарыз

AstanaTV
05.03.2014ж. 20:00
1732
ШҚО-дағы «Шығыс» ауылы электр қуаты үшін 55 миллион қарыз

Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс» ауылы электр қуаты үшін тағы да қарызға белшеден батты. Бұл жолы "Шығысэнерготрейд" кәсіпорыны алдындағы берешегі 55 миллионға жетті. Жағдайды шұғыл шешу мақсатында жергілікті билік қатаң талаптарға баруға мәжбүр. «Өйткені тұрғындардың қарызды төлер түрі жоқ»,- дейді. Өте көп мөлшерде берешек болған 12 отбасы бүгінде жарықтан ажыратылды. Күн жылыған соң өзге борышкерлерге де электр қызметі көрсетілмейтін болады.


Владимир Головотюк, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:


Қатаң шаралар қабылдамайынша тұрғындар өз еркімен тұтынған электр энергиясы үшін төлемей отыр. Тоқ көзінен ажырата бастап едік, кейбірі қарыздарын жартылай болсын жаба бастады. Күн жылына жарық үшін ақы төлемегендерді жаппай ажыратамыз.


Еске салайық, 360 түтіні бар ауыл тұрғындары өткен жылы жарық үшін 30 миллион теңге қарыз болып, оны төлеуден бас тартқан еді. Тіпті ереуіл де ұйымдастырған. Ол кезде жергілікті билік арнайы комиссия құрып әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қарызын мемлекет төлеп берген.

Бұл жолы мемлекет қазынасынан бір тиын да төленбейтінін жергілікті шенеуініктер шегелеп айтты.


Қанат ОРАЛБЕК