$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Мереке күндері ел аумағында ауа-райы бұзылады

AstanaTV
05.03.2014ж. 20:00
1295
Мереке күндері ел аумағында ауа-райы бұзылады

Мереке күндері ел аумағында ауа-райы бұзылады. "Қазгидромет" мамандары осындай болжаммен бөлісті. Алдағы сенбі-жексенбіде еліміздің солтүстік аймақтарында қалың қар түсіп, жел күшейеді. Ізінше ауа температурасы күрт төмендейді. Ал оңтүстікте жауын-шашын болып, кей жерлерде көк тайғақ күтіледі. Синоптиктер қардың көбесі сөгілетін нағыз көктем айдың соңында ғана келеді дейді. 

Нұрсәуле Қуандықова, "Қазгидромет" РМК аға синоптигі:


8 наурыз күні батыста антициклон әсерінде болғандықтан, ауа-райы жауын-шашынсыз. Бірақ суық болады. Ал өзге аймақтарда циклонның әсерінен жауын-шашын күтіледі. Желдің күшеюі 15-20 метрге дейін күтіледі.

 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ