Қарағандыда көктем мерекесі қарсаңында ерекше "сән апталығы"
өтті. Ретро үлгідегі киім-кешектер көрсетілімі аға буынға ностальгия сыйлады.
Жастарды да бей-жай қалдырған жоқ. Бұл қыз-келіншектердің көйлектері
әжелердің сандығында сақтаулы тұрған жәдігерлер. Ұйымдастырушылар әркімнен
жинап алған. Тігісі мен матасы сапалы болғандықтан, бүгінгі күнге дейін сақталса
керек. Бірақ ескірді деуге қимайсың. Өйткені алпыс-жетпісінші жылдардағы
"бұршақ" көйлектер ешқашан сәннен қалған емес.
Ал гүлді көйлектерді
былтыр жаз бойы әрбір сәнқой ару қиіп шықты. Көрменің жанында әшекей бұйымдарды
жасайтын үйірме жасақталған. Оны "Сән және өнер" колледжінің
студентері қызықтады.
Жансая Бейсекова, көрме қонағы:
Бізге үйреткен нәрселері қатты ұнады. Адамның қолшеберлігін көрсетіп тұр.
Бізге де осылай істеп үйренуге болады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ