$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

AstanaTV
06.03.2014ж. 10:00
734
Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Оған Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Беларусь президенті Александр Лукашенко, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы қатысты.

Кездесу барысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістердің жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Келер жылы құрылатын Еуразиялық экономикалық одақтың келісім-шарт жобасы да сөз болды.

Екі бөлімнен тұратын құжат ұйымның халықаралық-құқықтық мәртебесін айқындап, тауарлар мен қызмет көрсету және капитал ағымының еркіндігін қамтамасыз етпек. Келісім-шартқа биылғы жылдың мамыр айына дейін қол қою жоспарланған.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я подробно, по пунктам, ознакомился с документами и считаю, что наши эксперты проводят очень большую и непростую работу. Надеюсь, что почти по всем спорным вопросам мы сможем прийти к консенсусу. Следует активнее разъяснять населению наших государств необходимость проводимой нами работы, которая выполняется во благо наших народов, для выгоды стран, вовлеченных в Евразийскую экономическую интеграцию
.

Кездесуде 2013 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны төмендегеніне қарамастан, «үштік» аясындағы тауар айналымының артақаны да айтылды. Керісінше, арта түсіп, 64 млрд доллардан асқаны айтылды. Кездесуде Украина жайы да сөз болды. Ресей президенті Путин Украина экономикасы қиын жағдайда тұрғанын атап өтті.

Илхам ИБРАГИМ