$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Украинаға дефолт қаупі төніп тұр

AstanaTV
06.03.2014ж. 10:00
890
Украинаға дефолт қаупі төніп тұр

Украинаға дефолт қаупі төніп тұр. Қазір елдің қарызы межеден бірнеше есеге артып кеткен. Ал украиналық бизнестің ресейлік банктердің еншілес компанияларына берешегі 10 миллиард долларға дейін жеткен. Қаржы инстититуттары несие мүлікпен кепілдендірілгенін мәлімдеді.

Ал, сарапшылар дефолт алдында банктер мүліктерді жаппай тәркілей бастауы мүмкін деп қауіптенеді. Әсіресе, Украинадан бой тасалаған бизнесмендерге қауіп бар. Борышкер компаниялар - елдегі топ-жүздікке енетін белгілі кәсіпорындар.

Мысалы, «Сбербанк» «Запорожстали»-ден 84 миллиард доллардан астам қаржыны қайтара алмай жүр деп жазады «Коммерсант» басылымы. Жоспардағы бағдарламаларды іске асырып, несиелерді өтеу үшін, қазынаға 35 миллиард доллар қажет. 


Мөлдір ДҮЙСЕКИНА