$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы Қорғаныс министріне Қарулы күштердегі жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауды тапсырды

AstanaTV
06.03.2014ж. 20:00
1032
Елбасы Қорғаныс министріне Қарулы күштердегі жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауды тапсырды

Жемқорлық деген кеселді түбірімен жою шарасы Қорғаныс министрлігіне ауадай қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министріне Қарулы күштердегі жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауды тапсырды. Аталған ведомствода Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жедел стратегиялық кеңесте бұл жайында егжей тегжейлі пысықталды.

Нұрсұлтан Назарбаев елдің қорғаныс қабілеттілігіне үлкен қаржы бөлінетінін де атап көрсетті. Мұнан бөлек әскерімізге көлеңке түсіріп, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жемқорлық фактілерінің мейлінше алаңдататынын шегелеп айтты. Президент ең бастысы - ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс екенін атады.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Басқа елмен келіссөз жүргізген кезде әр ел, мен ойлаймын, әскерінің жағдайын ойлап отырады қалай деп. Артқы жағымда тұрған не бар. Әрине, біздің әскеріміз ана үлкен мемлекеттің әскеріндей болмаған шығар, техникасы мен технологиясы космос арқылы жұмыс істейтін, басқа да технологияларымыз мүмкін әлі жоқ шығар, бірақ біз соған қарай жұмыс істеуіміз керек. Жан-жағында анталап отырған, жаудың ортасында отырған Израиль бес-ақ миллион мемлекет қандай қарулы күштері бар, қараңыздар! Ал біз неге олардан кем боламыз, қай жеріміз кем. Жағдайымыз да, мүмкіншілігіміз де бар. 


Әлия ӘШІМ