$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қырым парламенті автономияның Ресей құрамына енуін жақтап дауыс берді

AstanaTV
06.03.2014ж. 20:00
1426
Қырым парламенті автономияның Ресей құрамына енуін жақтап дауыс берді

Қырым парламенті автономияның Ресей құрамына енуін жақтап дауыс берді. Елдің Жоғарғы кеңесі бүгін осындай шешім қабылдады. Оған сай Қырым автономды республикасы Ресей Федерациясының субъектісі ретінде кіреді.

Айта кетейік,1992 жылы қабылданған конституцияға сәйкес республика Украина мемлекетінің құрамында болатын. Енді алдағы 16 наурызда жалпықырымдық референдум өтпек. Әзірге белгілісі, дауыс беру бюллетеньдері орыс, украин және қырым татарларының тілінде басылып жатыр.

Жоғарғы кеңес сондай-ақ Ресей президентіне тиісті ұсыныспен шықты. Онда Мемлекеттік думаның Федералды жиынын шақыру қажеттігі туралы айтылған. Ал Ресей мемлекеттік думасының өкілдері Қырымды федерацияға қосып алу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеп үлгерді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА