$500.32 €545.3 ₽6
×

Еуроодақ Украинаға қатысты бірқатар санкциялар енгізді

AstanaTV
06.03.2014ж. 20:00
664
Еуроодақ Украинаға қатысты бірқатар санкциялар енгізді

Еуроодақ сөзден іске көшті. Украинаға қатысты бірқатар санкциялар енгізді. Бүгіннен бастап Брюссель елдегі 18 ірі шенеунікке тиесілі активтердің жұмысын тоқтатты. Олар мемлекет қаражатын заңсыз жолмен меншіктеп алуы мүмкін. Еуроодақ нақты азаматтардың аты- жөнін жариялауға асықпайды. "Қара тізім" одақтың кезектен тыс Киев тақырыбындағы саммит қарсаңында жазылды.

Бұған дейін Украина Үкіметінде жұмыс істейтін 20 шенеунікке Вашингтон шектеу енгізген. Ақ үйдің ойынша, олар адам құқығын аяққа таптап, зорлық көрсеткені үшін айыпталды. Санкция жарияланған күннен бастап бұл азаматтар АҚШ аумағына аттап баса алмайды.

Естеріңізге салайық, ақпанның соңында Виктор Янукович президент орынтағынан айырылды, ал Жоғарғы Рада оппозицияның қолына өтті. 


Сымбат МОЛДАТАЙ 
 



Алдыңғы жаңалық